11
сентябрь
2025
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектептің педагогикалық ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын зор ықыласпен қабылдап, ондағы әрбір бастаманы қолдайды.
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектептің педагогикалық ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын зор ықыласпен қабылдап, ондағы әрбір бастаманы қолдайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Бұл- ел дамуының маңызды бағыттарын айқындайтын, алда атқарылатын жұмыстарды нақтылайтын маңызды саяси құжаттың бірі. Сондықтан Мемлекет басшысы елдің даму бағытына қатысты маңызды бастамалар көтерді:
* Балаларға қосымша білім беруді дамыту, кәсіпкерлерді тарту;
* «Qazaq Digital Mektebi» - ауылдағы шағын мектептерге сапалы білім
Қолжетімділігі;
* Мектептерде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект
негіздерін енгізу;
* Сапалы адами капиталды дамыту, техникалык мамандыктарга басымдык
Беру;
* Ғылым, білім жене инновацияны біріктіру, талантты жас галымдарды
колдау.
Президент әділетті мемлекет пен берекелі қоғам кұру жолында жаңа
міндеттерді айкындады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс.
Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді.
Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық.
Сол себепті менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс.

