17
март
2023
"Бауырсақ PARTY". "Қымызмұрындық" ұйымдастырылды.
22-наурыз қарсаңында мектебімізде ұлттық тағамдарды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, молшылық пен байлықтың бастауы болған ас атасы, дастарханымыздың алғашқы асы нанымыз- бауырсақтың жасалу жолымен таныстыру мақсатында: Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде "Бауырсақ PARTY". "Қымызмұрындық" ұйымдастырылды. "Майбауырсақ", "Ши бауырсақ", "Бал бауырс№ақ", "Жол бауырсақ", "Ақ бауырсақ", "Шәй бауырсақ", "Арғын бауырсақ" т.б түрлері мен жасалу жолдары түсіндіріліп, білім алушылар мен ұстаздарды түрлі бауырсақтан дәм татуға шақырды.