Мектепішілік «Үздік жас маман - 2019» байқауы өткізілді » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік «Үздік жас маман - 2019» байқауы өткізілді
04
март
2019

Мектепішілік «Үздік жас маман - 2019» байқауы өткізілді

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, деп жырлаған Мағжан атамыз тұғыры биік еліміздің рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты жастарына әрдайым сеніммен қараған. Осы орайда биылғы 2018-2019 оқу жылында мектебімізге көптеген жас мамандармен толығып, жас мамандарға, тәжірибелі мұғалімдерден тәлімгерлер бекітілді.
Осындай шығармашыл жас мамандарды қолдап, олардың кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында «Үздік жас маман - 2019» байқауы өткізілді.
Байқауға үш жас ұстаз қатысып, бес кезең бойынша өзара бақ сынасты.
Сайыс қатысушыларын бағалау үшін мектеп ішінен әділ-қазылар мүшесі құрылды:
Әділ-қазылар алқасының төрайымы–директордың ҒӘЖ орынбасары: Сулейменова Г.У
Жамансариева Гүлжан – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ибрагимова Құндыз – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жүндібаева Алтынай – тарих пәні мұғалімі
Сарсекулова Айгүл – орыс тілі пәні мұғалімі
Парзиева Жанна – Бастауыш сынып мұғалімі
Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерлерін жұмсауға баулу мақсатында «Үздік жас маман» байқауының кезеңдерінде ашық сабақтар өткізді. Жас мамандардың ашық сабақтары жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әрбір жас ұстаз өз пәні бойынша сабақ өткізу ерекшеліктерін көрсете білді.
«Үздік жас маман-2018» байқауының кезеңдеріндегі ашық сабақтан үздік шыққандар:
1. Слуейменова Ұлжан даярлық сыныбының мұғалімі
2. Нагимова Айда даярлық сыныбының мұғалімі
Педагогикалық-психологиялық сауалдарды шешу кезеңінде жас мұғалімдер түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылармен, болмаса олардың ата-аналарымен арада орын алатын түрлі жағдайларда қандай шешім қабылдау керектігін түсіндіріп,әрқайсысы өздерінің алғырлығымен, ақылдылығымен, ситуациядан шыға білді.
Байқаудың соңғы кезеңінде байқау барысында білімдері мен біліктерін және өнерлрін жан-жақтықырынан көрсете білген жас ұстаздарымызды бағалайбілген әділ қазылар байқаудың қорытындысын шығарды.
Байқау қорытындысының нәтижесі бойынша
«Үздік жас маман -2019» аталымының иегері даярлық сыныбының мұғалімі - Нагимова Айда І орын иеленсе, Сулейменова Ұлжан ІІ орын, Тұрсынбек насихат ІІІ жүлделі орындарға ие болыпғ мақтау грамоталарын мектеп директоры Ж.Ж Мажибаев тапсырды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив