«Интернет алаяқтық» тақырыбында мұғалімдер арасында дәріс
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Хаттама №
«09» қазан 2023ж М Жылысбаев атындағы
№14 жоббм
Қатысқаны: 15 мұғалім
Күн тәртібінде:
- Интернет алаяқтық
Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция
капитаны Е.Оспанбеков
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция
капитаны Е.Оспанбеков сөз алып «Интернет алаяқтық» тақырыбында мұғалімдер арасында дәріс оқып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндіру барысында интернет алаяқтық көбейіп бара жатқандығын Статистика бойынша, соңғы 5 жылда елімізде интернет-алаяқтық фактісі 10 есе өскен. Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн-қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқтар көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайдығын айтып,сақ болуды ескертті. Сонымен қоса онлайн сауда жасайтын кезде күмәнді транзакциялардан бас тартыңыз. Банк картасының деректерін, шот номерін және қауіпсіздік кодын бөтен адамға бермеңіз. Банктердің күмәнді сілтемелерін ашпаңыз. Күмән туғызған сілтеме бойынша кіріп, ол жерге жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз! Танымайтын адамға ақша аудармаңыз. Егер банк картаңыздан ақшаны заңсыз алып қойса, дереу банкке немесе полицияға хабарласу керектігін айтып өтті.
Шешімі:
- Мұғалімдер арасында интернет алаяқтықтан сақ болып, ескерту жұмыстары жүргізілсін.
Жиналыс төрағасы: __________
Хатшы: ___________