27
октябрь
2023
"Мектеп" жедел - профилактикалық іс-шаралары аясында жоғары сыныптарының оқушыларымен дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді.
Кәмелетке толмағандар жасөспірімдер арасынды қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ағымдағы 2023 жылдың 26 қазаннан 2 қараша аралығында Қазақстан Республикасы аумағында жүріп жатқан "Мектеп" жедел - профилактикалық іс-шаралары аясында М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 26 қазан күні мектеп әкімшілігі мен Меркі АПБ-нің қызметкерлері бірлесе отырып, жоғары сыныптарының оқушыларымен дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді. Дөңгелек үстелге Меркі АПБ Көші-қон полициясы тобының аға инспекторы полиция майоры Е.Давлетбаев, Меркі АПБ ЖПҚб ювеналдық полиция тобының инспекторы Е.Оспанбеков, Меркі АПБ-нің ӘПБ бастығы полиция майоры Б.Байтемиров, мекктеп директоры А.Г.Муратова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Жакипбекова, директордың құқық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тленчиева және психологтар Н.Сандықбаева мен Ж.Амирова қатысты. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың орын алуының себептері мен олардың алдын алу бойынша ой-пікірлер айтылды. Заңға қайшы әрекеттері үшін жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершіліктері туралы кеңінен ақпараттар берілді. Сонымен қоса күзгі демалыс кезіндегі бала қауіпсіздігі туралы да атап айтып өтті.Мектеп оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Іс-шараға мектебіміздің 9-11 сыныптарының білім алушылары қамтылды.