04
декабрь
2023
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»
Мақсұт жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай 25 қараша-10 желтоқсан аралығында өтетін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаныны аясында 30 қараша күні 9- сынып жетекшілері 9-сынып оқушылары арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға жағдаяттық сұрақтар қойылып, бейнеролик көрсетіліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Дөңгелек үстелге 37 оқушы қатысты. Сынып жетекші: С.Мауленова, Н.Айбекова, Ж.Исмайлова