«Жас мамандарды шыңдау –маңызды іс» тақырыбында семинар өткізді.
«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» онкүндік аясында «Жас мамандарды шыңдау –маңызды іс» тақырыбында тәжірибелі ұстаздар жас мамандарға көмек көрсету үшін семинар өткізді. Семинардың мақсаты: ҚМЖ қалай дұрыс жазуды үйрету,платформаларды сабақта тиімді пайдалану, ББЖМ тапсырмаларын орындау, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Семинар көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында мектеп психологы Н.Сандықбаева «Мен мұғаліммін....» атты тренингпен бастады. «Жас маман» мектебінің жетекшісі А.Жундибаева ҚМЖ құрастыру жолдарын (№130 бұйрыққа сәйкес) түсіндіріп, үйретті.Сабақта ББЖМ тапсырмаларын құрастыруға платформалардың түрлерін қолданудың жолдарын информатика пәнінің мұғалімі Б.Жунисова үйретті. Бастауыш сынып мұғалімі Т.Ниязахынова педагогикалық шеберлігін көрсетіп, тәжірибе алмасты. Мұғалімдер семинарда белсенді оқыту тәсілдерін қолданудағы өз білімдерін тереңдетіп,мұғалімнің кері байланысын білікті ұсынуды үйренді.