15
январь
2024
"Өмір неткен керемет" тақырыбында тренинг
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі. Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған "Өмір неткен керемет" тақырыбында 8-11 сынып білім алушыларымен біріңғай тренинг сабақ өткізілді. Тренинг мақсаты:Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу.Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Тренинг барсында "Үй, адам, жерсілкінісі" , "Біз біргеміз", "Қар қиыршығы", "Әріптер сөйлейді" т.б. жаттығулар жүргізілді. Тренингке қатысқан білім алушылар белсене қатыст.