24
январь
2024
«Мен, сен, біз» тақырыбында сынып сағаты
М. Жылысбаев атындағы №14 жобб мектебінің 7 ә сыныбында балаларды қорғау, суициттің алдын алу жоба аясында «Мен, сен, біз» тақырыбында біріңғай сынып сағаты өтті. Сабақ мақсаты: балалардың «жеке шекара» ұғымы туралы түсініктерін қалыптастыру жеке шекараларын түйсінуіне ықпал ету. Білім алушыларға жеке шекара туралы алғашқы түсінік беріп, әрі қарай дискуссиялық сұрақтар қойылып, біздің әрқайсымыздың тұлға ретінде жеке шекараларымыз бар. Жеке шекара - өзімізді іштей жайлы сезіну үшін жеке басымызды, жеке кеңістігімізді қорғау үшін орнатылған, көзге көрінбейтін сызық, сыныпта оқушыларға жеке кеңістікті құрметтеу туралы өз пікірлері мен көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беретін ашық диалог қалыптасты.