«Алғашқының алғашқы кейіпкері»
«Алғашқының алғашқы кейіпкері»
Мақсаты; «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» атты ауқымды идеяларын білім алушылар арасында насихаттау және өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу,ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу .
Бүгінгі мектебімізде спорт деген бір сиқырлы жанына серік еткен Республикалық аренада топ жарып жүрген Қостоған өңірінен шыққан жерлесіміз, Мақсұт Жылысбаев атындағы № 14 жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі, ұлағатты ұстаз Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасынан Волейболдан «»Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидаты» Омаралиев Жандос Қырықбайұлы бізде қонақта.
Тәуелсіз елдің туын көтеріп ,тұғырын орнатқан ұлы шерудің алдыңғы шебінде жүретін дауылпаздай шабысты, батырдай намысты ұлдарымыз болса халқымыздың қашанда мерейі ұстем болмақ.Ендеше арнайы шақырылып отырған қонақтармен таныс болыңыздар:
Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері: Егенбердиева Майра
- Әкесі: Омаралиев Қырықбай
- Әкпесі: Алимбекова Нұржамал
- Ардагер ұстаз,ауданымыздың білікті бапкері;Ерсайын мырза
- Сынып жетекшісі: Нұрсейтова Жұлдыз апай
- Мектебіміздің түлектері, Жандос ағайдың әріптестері
Мектебіміздің директоры Муратова Гулжамал Альметовна сөз сөйледі
Әрбір адам болашағының бақытты, келешегінің кемел болуы үшін сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, тәуелсіз еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде мұғалімнің орны ерекше екенін атап өтті
Қорытынды: Ұстаз дегенде қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге бағыт сілтеген жандар ғана емес, спортшыны жарыс алаңына алғаш жетелеп келген жаттықтырушылар да ойға оралады.