25
декабрь
2024
Сұлтанбек Қожановтың өмірбаяны туралы
С. Қожановтың тұлғасы саясат үшін де, тарих үшін де қызмет жасайды. Ұлт барда ұлттық мүдде бар. Ұлттық мүдде бар жерде оған қызмет етудің өлшеміне айналған С. Қожановтың тұлғасы менмұндалайды Академик М. Қозыбаев отандық тарих ғылымын тарихи қайраткерлермен тұлғалау зәру мәселелердің бірі екендігін айта келіп: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер – жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек» деген ойды одан әрі өрбіткен ғалым «Отан тарихынан бір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек» деген пікір айтады. Тәуелсіздік жағдайында ұлттық тарихтың мазмұнын қайта бағалау тұрғысында айтылған бұл пікірдің көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановқа тікелей қатысы бар деп білеміз. Отан тарихында осы кезге дейін ғылыми тұрғыда игерілмей келе жатқан тақырыптар да, тұлғалар да аз емес. Ал өзінің тарихи бағасын осы кезге дейін ала алмай келе жатқан тұлғалар бірі – Сұлтанбек Қожанов.Презентациялық сабаққа арқау болған ұлт ардақтысы С.Қожановтың біреу білсе, біреу біле бермейтін қырларын ашу.
