25
декабрь
2024
"Бала қауіпсіздігі басты назарда" тақырыбында сынып сағаты
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі 8 «А» сынып білім алушыларымен "Бала қауіпсіздігі басты назарда" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Амирова Ж.К.
Сабақтың мақсаты: "Қысқы қауіпсіздік шаралары"
қыс мезгіліндегі өмір мен денсаулықтың қауіпсіздігінің әртүрлі жағдайларын білім алушыларға түсіндіріп өту.
Сонымен бірге қатаң тиым салынатын заттарды пайдаланбауға
- пиротехникалық заттарды қалтада ұстауға;
- тұтану кезінде фитильді бетке жақын ұстауға;
- қатты желде пиротехникалық құралдарды қолдануға;
- адамдарға зымырандар мен отшашуларды бағыттауға;
- адамдардың аяқтарының астына петарда лақтыруға;
- жанып тұрған отшашулардың үстінен үңіліп қарауға;
- жанып тұрған пиротехникалық заттарға 15 метрден жақынырақ қарауға болмайтындығын қатаң ескертеміз.
