06
декабрь
2024
8-11 сынып білім алушылары арасында "Адам саудасы-қатерлі қылмыс" және «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыптары бойынша кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.
2024 жылдың 19 қараша Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде АПБ ЖПҚб ЮПТ полиция капитаны Е.Оспанбековпен 8-11 сынып білім алушылары арасында "Адам саудасы-қатерлі қылмыс" және «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыптары бойынша кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында адам саудасының салдыры, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыс туралы мәліметтермен таныстыра отырып, буллинг, ұрлық, жыныстық тиіспеушілік және жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестің салдары туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар үнемі түнгі рейдтер жоспарлы түрде жүргізілетіні жайында айтып өтті Оқушыларға түнгі уақытты заңды өкілдерінсіз көшеде, мейрамханада, ойынханада жүруге болмайтыңдығы да ескертілді.Барлық білім алушыларға заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік артатыны туралы қатаң ескертілді.


