“Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар” жобасы талқыланды. » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар” жобасы талқыланды.
04
декабрь
2024

“Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар” жобасы талқыланды.

2024 ж  2 желтоқсанда  Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 ЖОББМ. бастауыш сынып ұстаздарымен “Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар” жобасы талқыланды.
   ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастауыш/негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі - МЖМБС) жобасын әзірледі. Мақсаты - бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру.
   МЖМБС жобасы екі жыл бойы педагогикалық және сараптамалық қоғамдастықтардың, ата-аналар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, депутаттармен талқылана отырып әзірленді. МЖМБС апробациясы 2025-2026 оқу жылында басталып, толық іске асыру 2026-2027 жылға жоспарланған.
  МЖМБС жобасында оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілге баса мән берілген. Білім берудің инклюзивті тәсілін арттыруға және МЖМБС тиімділігін бағалауға бағытталған бірден бірнеше норма енгізілді. Сонымен қатар «Әлеуметтік GPA» жаңа ұғымы да қосылды. Жаңа МЖМБС жобасында пәндер және сағаттар саны сақталады.
  Жаңа стандарттың жүзеге асуына мониторинг жүргізу, қаржылық, құқықтық сауаттылық, STEAM технологиясын қолдану, пән салаларының мазмұнын нығайту бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
   Білім беру стандарттарын өзектендіру – білім беру саласындағы заманауи үрдістерді, цифрландырудың, жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе.
Жиында стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив