17
март
2025
8 «А» сынып білім алушыларымен «Наурыз қоржыны шашу !» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді.
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 «А» сынып білім алушыларымен «Наурыз қоржыны шашу !» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді.
Мақсаты: Білім алушыларға «Наурыз қоржыны және шашу» жайында ақпарат беру.
Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр.
Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, жақсылық күндерде, құда келгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпиттен, күміс теңгеден шашылады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді.
Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады. Кейде тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі жас балаларына апарып береді.
