17
ноябрь
2025
«Заманауи кітапхана – жаңа ұрпақтың тұлғалық даму аймағы»
14 қараша 2025 жылы Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашысы Орақбаева Ж.Т «Заманауи кітапхана – жаңа ұрпақтың тұлғалық даму аймағы» атты аудандық семинар өткізілді .
Семинар барысында қатысушыларға цифрландыру кезеңіндегі кітапханашының жаңа міндеттері, мультимедиялық ресурстарды қолдану, онлайн-платформалар арқылы оқырман белсенділігін арттыру жолдары таныстырылды.