13
январь
2026
13.01.2026 жылы «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында 8–11 сынып білім алушыларымен профилактикалық бағыттағы кездесу өткізілді.
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” АЙЫ
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 13.01.2026 жылы «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында 8–11 сынып білім алушыларымен профилактикалық бағыттағы кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлық пен есірткі заттарын қолданудың, әлімжеттік пен буллингтің алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесуге Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Б.Касимов пен Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Е.Оспанбеков, ДҚТЖО Ж.Тленчиева, мектеп психологы Н.Сандықбаева қатысты.
Кездесу барысында мектеп инспекторы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлері, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар нашақорлықтың және есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны, олардың заң алдындағы жауапкершілікке әкелетіні кеңінен айтылды.


