30
декабрь
2025
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»түнгі рейдтік іс-шарасы жүргізілді.
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 30 желтоқсан күні мобилді топ мүшелері жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңның талаптарына сәйкес, ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің 442 бабының 1-2 бөлімінің орындалуы бойынша түнгі 22.00-6.00 аралығында заңды өкілдерінсіз түнгі мезгілде қоғамдық орындарда жөнсіз жүруінің алдын алу үшін, мектепке қарасты мөлтек аудан аймақтарына, көшелер мен ауыл дүкендеріне түнгі рейдтік іс-шарасы жүргізілді.

