23
ноябрь
2022
Шерхан Мұртазаның 100 жылдығына орай мектебіміздің парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен тренинг .
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 ЖОББ мектебінде Шерхан Мұртазаның 100 жылдығына орай мектебіміздің парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен тренинг ұйымдастырылды . Шерхан Мұртаза туралы 8 дерек
Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған.
Шерхан Мұртаза 6 жерде бас редактор болып қызмет атқарған.
Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізген.
Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.
Алғашқы «Құрылысшы Дәку» атты очерктер жинағы 26 жасында жарық көрді.
Жазушының еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған.
Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды «Қызыл жебе» деп аталады. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. Сондықтан да бұл халықтың ықыласына ерекше бөленген шығарма.
Бір қызығы Шерхан Мұртаза бастапқыда жазушы, журналист ретінде емес ақындығымен танылған.
Сонымен қатар төс белгілер және асықтар жинағанды жақсы көрген.