13
декабрь
2022
«Мен Тәуелсіз елдің Ұланымын!» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау.
М.Жылысбаев атындағы №14 ЖОББ мектебінде 13 желтоқсан күні оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында «Мен Тәуелсіз елдің Ұланымын!» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Жиынға 1986 жылғы желтоқсан куәгерлері:
Ауданымыздың Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жуанышева Эльмира,куәгерлері Айтбаева Гүлсім және Жаналиева Ляйля апайлар қатысып, ұйымға қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук тағып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
«Жас Ұлан» балалар ұйымына 5 сынып оқушыларынан 42 оқушы қабылданды.
Салтанатты шара соңында барлығы естелік фотоға түсіп, балалар ерекше көңіл -күймен тарады.
Тәуелсіз ел аясында бейбіт өмірдің құшағында бақытты балалық шағын кешіп жүрген жас достарымызды «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларымен құттықтаймыз.