04
март
2025
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнін оқытуда білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытудағы тиімді әдістер» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мақсұт Жылысбаев атындағы № 14 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 4 наурызында Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнін оқытуда білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытудағы тиімді әдістер» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Тарих пәнін оқытуда білім алушылардың танымдық, зерттеушілік дағдыларын дамытудағы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Семинар Айнабекова Анардың «Ұлы даланың толағай тарихы» шеруімен бастау алып, Ахбанбетов Ренат пен Қойшыбаев Серіктің «Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы», «Жәрмеңке саудасының дамуы» атты ашық сабақтармен жалғасын тапты. «Жобаны әзірлеу және жүзеге асыру: негізгі қадамдар мен нәтижелер» тақырыбында Жундибаева Алтынайдың таныстырылымы өткізіліп, 11-сынып білім алушысы Жолшыбек Диас «Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі» атты жоба қорғады. Айтжанова Анардың Ұлы Отан соғысы аяқталуының 80 жыл толуына байланысты Ұлы жеңіске 80 жыл «Жеңіс жалауы» тақырыбында қойылым көрсетіліп, «Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның ролі толық бағаланды ма?» атты дебатпен семинарымыз аяқталды.https://www.facebook.com/14.ZHBBM/videos/1697710274493612/