28
октябрь
2020
COVID-19 инфекциялық ауруының алдын алу
Қазан айында мектептің кезекші сыныптарда оқитын 1-4 сынып білім алушылары арасында COVID-19 инфекциялық ауруының алдын алу, жұқтырмау және сақтану шаралары бойынша мектеп медбикесі Ф.Казимова профилактикалық алдын алу жұмыстарын жүргізді. Онда білім алушыларға қолды жиі сабындап жуу, маска тағу және антисептиктерді қолдану, әлеуметтік арақашықтықты сақтау мәселелері бойынша ақпараттар бере отырып, ақпараттық парақшалар таратты.