09
сентябрь
2025
2025 жылғы 5 қыркүйек күні Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-10 сынып оқушылары арасында “Ауыл шаруашылығы санағы не үшін қажет?” тақырыбында эссе жазу сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты- ауыл шаруашылығы саласының ел экономикасындағы маңызын ұғындыру, оқушылардың сыни және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, жазбаша сауаттылығын арттыру.
Эссе жазуға барлығы 135 оқушы белсене қатысып, олардың басым көпшілігі эссе тақырыбының ерекшелігі мен бүгінгі күндегі маңызды тұсын көрсете алған және тақырып туралы өз білімдерін толықтырған. Кейбір оқушылар көтерілген мәселе бойынша өз ойларын жеткізуде қиналып, негізгі ойдан ауытқыған.
Эссе қорытындысы бойынша бағалау жұмысы жүргізіліп, анықтамасы жазылды.