«Қауіпсіз мектеп ортасы» атты акция » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сентябрь
2021

«Қауіпсіз мектеп ортасы» атты акция

Құқықбұзушылықтың алдың   алу мақсатында 2021 жылдың 

 10 – тамызы мен  20- қыркүйек аралығында  өткізілетін «Қауіпсіз мектеп ортасы» атты акцияның хабарламасы

Акцияның мақсаты:  Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында және оларға қарсы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай –ақ балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қоғамның тұрақты назарын аудару, құқықбұзушылықтың профилактикасымен айналысатын мемлекеттік органдардың,   қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес ортаның, БАҚ өкілдерінің  күш – жігерін  біріктіру   болып  табылады.

Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2021жылдың 10 тамыздан – 20 қыркүйек  аралығында   « Қауіпсіз мектеп ортасы » атты акциясының іс- шара жоспарын жасалынып, ұйымдастырылды.Акция барысында мектептің өртке қарсы және санитарлық- эпидемилогиялық талаптарға сай болуы қадағаланды.Сонымен қоса жоспар бойынша іс-шаралар дер кезінде өткізілді.

13 тамыз күні балалардың өмір қауіпсіздігі,оларға қатысты зорлық-зомбылық, ата-анасының қатігездікпен қарауының алдын алу мақсатында ата-аналармен сынып жетекшілер қашықтықтан онлайын жиналыстар өткізді. Бұл жиналыстың мақсаты халықты құқықтық сауаттандыру, ата-аналардың міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Балалардың құқықтарын сақтау, жолдағы, көшедегі, үйдегі, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 





6 қыркүйек күні мектеп психологтары А.Қарнақова мен Ж.Амирова 5-9 сынып білім алушылары арасында «Бала қауіпсіздігі басты мәселе» тақырыбында тренинг жүргізді. тренингке 86 бала қатысты. 



8-10 қыркүйек аралығында 1-4 сынып білімалушылары арасында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Н.Айбекова «Бақытты балалық шақ» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 10 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 4-сынып оқушысы марапатталды.




15 қыркүйек күні мектеп психологтары А.Қарнақова мен Ж.Амирова 1-11 сынып білім алушыларымен «Интернет қауіпсіздігі», «Кибербуллинг» тақырыптарында қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылықтың кері әсерлерін түсіндіру. Ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орната білуге үйрету. Оқушыларға зардап шеккен жағдайда психологиялық тұрғыдан күресе білуге тәрбиелеу.




Акция барысында құқық бұзушылық пен балалардың қараусыз қалуының алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан  оқушылардың үйлерін аралап, үй - тұрмыстық жағдайларын зерделеп, ата-аналары мен заңды өкілдерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізді.   Мөлтек ауданға қарасты дүкендерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, рейд жасалында.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив