10
ноябрь
2021
"Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттар"
М. Жылысбаев атындағы №14 жобб мектебінде 10 қараша күні ДҚТЖО Ж. Тленчиева мен психологтар Ж. Амирова, А. Қарнақова 8-10 сынып оқушылары арасында "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттар" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндірме жұмысы барысында мектепке атыс қаруы, оның ішінде травматикалық, газды, пневматикалық, сигналдық, электрлік және құрылымдық жағынан қаруға ұқсас бұйымдар мен шанышқылы, кескіш, шапқыш, ұрғылау-ұсақтау, лақтыру заттары, өнеркәсіптік құралдар; оқу сабақтары кезінде ақпаратты тасымалдау функциялары бар мобильді байланыс құрылғыларын алып келуге болмайтындығы оқушыларға ескертілді.