«Қамқоршылық кеңесі» құрамын бекіту туралы
«Қамқоршылық кеңесі» құрамын бекіту туралы
М.Жылысбаев атындағы №14жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығы талаптарына сәйкес бұйрық шығарылды.
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекеменің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру,мектептің жарғысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу,қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселері жөнінде шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында, оқу тәрбие жұмысын жан- жақты білімді,тәрбиелі орта қалыптастыру және ақпараттық педагогикалық технологияны енгізу мақсатында, Қамқоршылық кеңесі 9 адам құрамында бекітілді.Бұйрықтың орындалуы мектептің әлеуметтік педагогы Н.З.Таутеноваға жүктелді.