08
сентябрь
2022
"Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу" мақсатында оқушылармен кездесу
Бүгін 8.09.2022 жылы Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Майнаусов Айдос және Меркі аудандық ЖПҚб УПИ Алимбеков Айдос, ЖПҚб ЮПТ Мырзабаев Руслан, сондай-ақ Меркі аудандық прокуратурасының аға прокуроры Игембекова Сауле Түзелбекқызы, Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сәуле мектебіміздің кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жол ережесі, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жарып-тұру, түңгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болмау, мектепке алып келуге болмайтын тыйым заттар туралы айтылды. Аудандағы құқықбұзушылық статистикасы туралы мәліметтер беріп, оқушыларға заңнамалық- нормалар, құқықбұзушылықтың түрлері мен заң аясындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді. .