Іс-шаралар » Страница 51 » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Спорт және отбасы»
10
декабрь
2020
«Спорт және отбасы»
«Жетістіктер баспалдағы»  акциясы барысында  8-11 сынып   оқушылары арасында  мектеп тәлімгері Молдасариева Нағиманың   ұйымдастыруымен  «Спорт және отбасы» тақырыбында видеоролик көрселді
"Түнгі қаладағы балалар"  акциясы
09
декабрь
2020
"Түнгі қаладағы балалар" акциясы
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде "Түнгі қаладағы балалар" акциясы аясында ауылда орналасқан магазиндер мен кафеге,  көшелерге түнгі және күндізгі рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында кәмелетке жасы толмаған оқушылар анықталған жоқ.  Сонымен қоса дүкен иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Дәстүр пен ғұрып"
07
декабрь
2020
"Дәстүр пен ғұрып"
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы «Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша желтоқсан айында бастауыш сынып жетекшісі А.Утеулиева «Ұлттық тағамдарды дәріптеу» жобасы бойынша «Тату үйдің тамағы тәтті» тақырыбында 4сынып білім алушылары арасында презентациялық таныстырылым өткізді. Презентациялық таныстырылым барысында татулық, бірлік, отбасындағы сыйластық туралы мәліметтер бере отырып, ұлттық тағам түрлері туралы презентациялық шолу өткізді.
"Қыз жібек" үйірмесінің жетекшісі Н. Молдасариеваның ұйымдастыруымен "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында өткен үйірме сабағы. Сабақ барысында қыз тәрбиесі мен қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне байланысты тәлімдік ақпараттар берілді.
04
декабрь
2020
"Қыз жібек" үйірмесінің жетекшісі Н. Молдасариеваның ұйымдастыруымен
"Қыз жібек" үйірмесінің жетекшісі Н. Молдасариеваның ұйымдастыруымен "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында өткен үйірме сабағы. Сабақ барысында қыз тәрбиесі мен қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне байланысты тәлімдік ақпараттар берілді.
«Дәстүр мен ғұрып»
03
декабрь
2020
«Дәстүр мен ғұрып»
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы «Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша желтоқсан айында «Ісмерлер» үйірмесінің жетекшісі С. Сахова «Ұлттық киім трендте» жобасы бойынша «Шебердің бізі –ортақ, Шешеннің сөзі-ортақ» тақырыбында үйірмеге қатысушы қыз балалары ароасында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты барысында ерте заманнан келе жатқан тоқыма бұйымдары,оның ерекшелігі туралы ақпарат бере отырып, тоқыма жасау өнерін білім алушыларға паш етті.
"Полицияның жас көмекшілері" байқауы
27
ноябрь
2020
"Полицияның жас көмекшілері" байқауы
Мектептің АӘД мұғалімі С. Мамытов онлайн форматта мектептің Полицияның жас көмекшілері мүшелерінің арасында "Полиция жас көмекшілері" байқауын ұйымдастырды. Байқауға 5 оқушы қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Адалдық сағаты»
27
ноябрь
2020
«Адалдық сағаты»
      26 қараша күні мектептің 1-11 сынып білім алушылары арасында кезекті адалдық сағатын Б. Шойбеков, «Ахмет Байтұрсынұлы адамдық пен білім диханшысы» тақырыптарында арнайы сілтемелерді жібере отырып қашықтан көрсету ұсынылды. 1-11 сыныптардағы білім алушылар адалдық сағатын көре оырып, Б.Шойбеков пен А. Байтұрсынұлының адалдық, білім мен дағды турасындағы пікірлері туралы ақпараттар алды.
«Елбасының ерен еңбегі»
27
ноябрь
2020
«Елбасының ерен еңбегі»
      Қараша айында мектептің 1-11 сынып білім алушылары арасында 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай «Сын сағат», «Елбасының ерен еңбегі» тақырыптарында сынып сағаттары қашықтан өткізілді. Сынып сағаттары барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан Республикасын әлемге танытуда атқарған еңбегі, өмірбаяны мен ұзақ жылдардағы Қазақстанның жетістігі туралы білім алушыларға ақпараттар берілді.
«Тәуелсіздіктің жеті қыры»
27
ноябрь
2020
«Тәуелсіздіктің жеті қыры»
      Қараша айында мектептің 1-11 сынып білім алушылары арасында 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай «Тәуелсіздіктің жеті қыры» тақырыбындағы деректі фильмді арнайы сілтемелерді жібере отырып қашықтан көрсету ұсынылды. Білім алушылар деректі фильмді көре отырып, Елбасының тәуелсіздік жылдарында атқарған еңбектерін талқылап, өз ойларымен бөлісті. 
«Атом энергетикасы. Бұл қандай энергетика»
25
ноябрь
2020
«Атом энергетикасы. Бұл қандай энергетика»
23 қараша күні мектептің 9 сынып білім алушылары арасында физика пәні мұғалімі А.Тоқтағұл «Атом энергетикасы. Бұл қандай энергетика» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Танымдық сағат барысында Атом энергетикасы туралы, адамзатқа пайдасы мен зияны және бұл энергетиканың ел экономикасының дамуына қосар үлесі туралы ақпараттар берілді.