Әр аптаның дүйсенбі күні лездеме өткізіліп апта қорытындысы айтылады.
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өзін-өзі басқару» ұйым мүшелерінің ұйымдастырумен күнделікті үздік сыныптар анықталып, жұлдызшамен ерекшеленіп отырады .Әр аптаның дүйсенбі күні лездеме өткізіліп апта қорытындысы шығарылып,білім алушылардың Ауданнан,Облыстан алған марапаттары табысталып отырады. Мақсаты: Білім алушылардың сабаққа қатысуын,мектеп формасының сақталуын,тазалығын қадағалау. Апта қорытындысы бойынша 8б,7 а ,6ә сыныптары үздік болып танылды.