21
февраль
2024
«Кәсіп түбі – нәсіп"
Мақсұт Жылысбаев атындағы № 14 жалпы орта білім беретін мектебі 2024 жылдың 20 ақпан күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында» «Кәсіби бағдар жұмысы» және «Әр бала – жарық жұлдыз!» психологиялық кеңес беру айлығының өтуіне байланысты
«Кәсіп түбі – нәсіп» тақырыбында жас кәсіпкермен кездесу өткізілді. Іс шара мақсаты білім алушыларды болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт-бағдар беру, белгілі бір еңбек, кәсіби іс-әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына жағдай жасау болды. Іс шара барысында Меркі ауданының дамуына үлес қосып, жас кәсіпкер Құдайберген Саағадат кездесуге келді. Кәсіпкер өзінің қыш өнері көнеден бастау алған кәсіп түрі екенін айтты. Оның тарихы ғасырлар бұрын бастау алып, жасалу технологиясы жылдан-жылға күрделене түскен. Бүгінде қыш құю ісімен айналысатын шеберлер көп емес. Алайда өнімге деген сұраныс жыл сайын артып келетіндігін айтты. Жас кәсіпкерлер өздері туралы қысқаша әңгімелеп, жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Кәсіптің көзін тауып, кез-келген бастаманы сәтті жолға қоюдың тетіктерін айтып берді. Сонымен қатар, алдын-ала оқушылармен әзірленген бірнеше сауалдарға жауап беріп, бастарынан өткен қызықты оқиғаларын ортаға салды.
Ұйымдастырушылар: Абишева Б Сандықбаева Н