19
март
2024
«Жас шекарашы» әскери патриоттық ұйымымен кездесу
2024 жылғы 19 наурыз күні ҚР ҰҚҚ ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаменті Меркі ауданы бойынша шекара басқармасы «Сыпатай батыр» шекара бақылау бөлімі және «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 14 ЖОББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларымен «Жас шекарашы» әскери патриоттық ұйымының кестеге сәйкес кездесу өткізілді. Офицерлер 10 сынып оқушыларының қатысуымен жаңадан “Жас шекарашы” әскери ұжымын құрды. Оқушылар қатарынан келесі жылға әскери оқу орнына түсуге үміткерлерді анықтап, қажетті бағыт-бағдар берді.