«Мамандықтың бәрі жақсы» сурет көрмесі
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14жалпы орта білім беретін мектебінде 2024-2025 жылдың оқу жылындағы
«Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбындағы 4 сынып оқушылары арасында
өткізілген сурет көрмесі бойынша
Анықтама
26 қараша күні 3-4 сынып оқушылары арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.Бұл көрмені көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айбекова Нұрбикемен бірге жүргізді.Оқушылардың салған суреттері арқылы ,әр оқушының өз ойын яғни дәрігер, мұғалім, құрылысшы, т.б мамандық иесі болатынын білдік.
Сондай – ақ, оқушылар осы мамандық иелері қазіргі таңда қаншалықты қажет деген сауалға өз ойларын ашық жеткізе білді.Яғни осы жерде заман ағымына қарай мамандықтар әлемі де өзгеріп отыратыны жайлы мұғалім түсінік беріп өтті. Сондықтанда әрбір оқушы ең әуелі өз жеке басының ерекшеліктерін танып,өзінің жүрегіне үңілу арқылы бойындағы бейімділігін байқап содан кейін ғана ұнататын мамандықтардың арасынан біреуін таңдау қажет екенін айта келе, өзінің таңдаған мамандығының болашақ болмысы туралы терең зерттеп білгені және өз қалауы бойынша ой таразысына салып , 2-3 мамандықты салыстырып көру керек екеніне тоқталды.
Көрме соңына қарай оқушылар ақпарат ала отырып , оның келешекте алар орны мен тигізер пайдасы жайында өзара ой бөлісті.