«Біз таңдаған жолдар»
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14жалпы орта білім беретін мектебінде 2024-2025 жылдың оқу жылындағы
Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Біз таңдаған жолдар» атты жұмысшы манадарымен 11-сынып білім алушылары орманшы-қорықшы Қозыбек Азат және Амирова Араймен кездесу өткізілді
Мақсаты. Жастар арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, олардың беделін арттыру, кәсіби өсуді ынталандыру және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау.
Орманшы – бұл жай мамандық емес, табиғатқа жанашырлықпен қарайтын адамдардың таңдауы. Олар ормандарды қорғап, ағаштар өсіріп, болашақ ұрпаққа жасыл әлемді аманат етеді.
🌳 Орманшының әрбір күні табиғаттың көркемдігі мен күш-қуатын сезінумен өтеді. Бұл мамандық шыдамдылықты, білімді және табиғатқа деген махаббатты қажет етеді.
📣 Егер сен табиғатты жақсы көрсең және қоршаған ортаны сақтауға үлес қосуды армандасаң, орманшы мамандығы – сенің жолың!
