15
февраль
2022
Мониторинг
М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі.
Ақпан айында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы анықтама
Қазіргі таңда білім алушыларды жеңілдетілген ыстық тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысы негізінде «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында короновирустық инфекцияның алдын-алу жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қағидасына сай жүргізілуде.Асхана санитарлық нормаға сай қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану»бұрышы безендірілген,қажетті құрылғыларымен жабдықталған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп отырады.Сонымен бірге тамақтың сапасын қадағалайды.Асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификаттары бар.Жеткізілген азық-түлік тауарларының сапасы мен сақталу мерзімі мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссиясының құрамымен тексеріліп тұрады.
Асхананың аспазшылардың тазалығы үздіксіз тексеріліп,ұсыныстар айтылып отырады.Комиссия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген тез бұзылатын азық-түлік тамақ өнімдерін мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқышқа арнайы температураны бақылауға арналған термометр орнатылған.Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы сөрелерде,бөлек қораптарда сақталады. Асханада бұзылған азық-түлік тауары анықталған жоқ.