Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
16 сәуір күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Тексеру нәтижесінде асханада тамақтану бөлімінде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер болмағандықтан, қағаз сүлгілер пайдаланылады. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3 орын бар. Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Бірақ ас блогының үй-жайын тазалау кестесі ілінбеген
Асханада санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термомертлер бар. Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар қарастырылған. Заттары арнайы киім сақтауға арналған шкафтарға ілінген.
Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған.
Комиссия төрағасы:мектеп директоры Мажибаев Ж.Ж
Комиссия мүшелері:
ДОТІЖО: М.Садбакасов
медбике : Ф.Казимова
әлеу. педагог: Н.Таутенова
өндіріс меңгерушісі: Н.Садыханов
ата-аналар ком. төрайымы :Л.Бакиртова
қамқоршылық кеңес төрайымы: Ш.Айтенова