Мектеп асханасынан бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы
Наурыз айында оқушылардың мектеп асханасынан бір мезгіл тегін
ыстық тамақпен қамтылуы туралы
Анықтама
2021-2022 оқу жылының наурыз айында бір мезгіл ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары мектеп асханасында әлеуметтік жағдайы төмен 40 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілер
жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтанатын аз
қамтамасыз етілген жанұядан шыққан 40 бала наурыз айында 13 күн
1-18 наурыз аралығында тегін ыстық тамақ ішті.
Мектеп асханасының және асхана жұмысшыларының санитарлық-гигиеналық тазалығы, ас мәзірінің уақытылы жасалуы, дайындалған тағамдардың сапасы талапқа сай әзірленуі мектеп медбикесі тарапынан күнделікті қадағаланып,ас мәзірі уақытылы жасалып отырады. Оқушылардың тамақтану барысында асханадағы кезекшілік кестеге сай жүргізілуде. Сонымен қатар 10 наурыз «Ашық есік» күні болып белгіленген. Ата-аналар асханадан ас мәзірінің берілу ережесімен танысып,өз пікірлерін білдіріп отырады. Берілген ас мәзірінің дәмділігі мен татымдылығын көріп көз жеткізіп отырды.