Қорытынды Тамақтанудың онкүндігі
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2025-2026 оқу жылында «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында онкүндікте өткізілген
іс-шараның қорытындысы
Меркі ауданының білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 05.09.2025 жылғы № 1516 хатына сәйкес мектепте «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында ыстықтамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 15-26 қыркүйек аралығында он күндік іс- шара жоспары қосымшаға сәйкес жасалынып, мектеп директорымен бұйрық бекітілді.
Онкүндіктің мақсаты: Ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру,балаға дұрыс тамақтану ережелерін таныстыру болып табылады.
Онкүндікті өткізу бойынша Меркі ауданы білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепішілік жоспар құрылып,бұйрық шығарылды. Жоспар бойынша онкүндіктің ашылу салтанаты 15 қыркүйек күні ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DA5tBl5pK8u/?igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==
Ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Ж.Беркімбекова қатысып,ризашылығын білдірді. Келесі күні 17-18 қыркүйек күндері «Дәмдінің бәрі пайдалы ма?» тақырыбында 2-4 сыныптар және 17-19 қыркүйек күндері «Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында 5-8-сыныптар сынып сағаттарын өтті.
https://www.instagram.com/reel/DA-mlaRN06k/?igsh=aHdlMTRrancyamlk
Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желідегі парақшаларға салынып отырды.
«Сіздің талғамыңыз: дәрумендер немесе фастфуд?» тақырыбында 22-24 қыркүйек күні тарих пәнінің мұғалімі А.Айтжанованың ұйымдастырумен 9-10-сыныптар арасында пікірталас өтті.
https://www.instagram.com/reel/DBGPk2qNV8U/?igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==
Келесі іс-шара 25 қыркүйек күні 10-11-сыныптар арасында «Тазалық- ағза саулығының кепілі»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
https://www.instagram.com/reel/DBI4a0hMcuF/?igsh=MW4zeTV1OXhhZjJjaA==
Ал 23 қыркүйек күні «Асханаға қош келдіңіз!» тақырыбында ата-аналар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DBLyeiMM3UR/?igsh=d2ppN2lnMHMweWpo
Ата-аналар балалардың тамақтанатын ас бөлмесінің тазалығымен ,жұмыс кестесімен және балалардың тамақтарының ас мәзірімен танысып өз ризашылықтарын білдірді.Ашық есік күніне келген ата-аналарға психологтардың ұйымдастыруымен тренингтер және ойындар көрсетілді. Риза болған ата-аналар өздерінің алғыстарын білдірді. Мектептің білім алушыларынан және ата-аналардан тамақтану бойынша сауалнамалар алынды.
https://v.inshotapp.net/invite
Онкүндіктің соңғы 25 қыркүйек күні «Ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттырайық!» тақырыбында бракераж комиссиясының отырысы болды. Онкүндікте өткізілген барлық іс-шаралар әлеуметтік желі парақшаларына салынғаны және барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткені туралы қорытынды жасалды.
Ұсыныс:
- Онкүндікке атсалысып іс-шаралар өткен сыныптарға алғыс жариялау
- Ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру.
Мектеп директоры: Муратова Г.А
Әлеуметтік педагогтер: Таутенова Н.З
Утеулиева А.М