Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 544 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 544 қаулысы
Правительство Республики Казахстан (Премьер-Министр РК)
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-коды
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Материалдық көмек көрсетуге бөлінетін бюджет қаражаты:
- киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға;
- білім беру ұйымында болған кезеңде бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыруға;
- қаржылық көмек көрсетуге;
- мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуға;
- жалпы білім беретін пәндер бойынша қосымша сабақтарды (бұдан әрі – қосымша сабақтар) ұйымдастыруға бағытталады.
Қаржылық көмек көрсету осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады.
Қаражатты жұмсаудың басым бағыты білім беру ұйымында болған кезеңде бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары әрбір білім алушы мен тәрбиеленушіге киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға арналған бюджет қаражатының көлемін қолданыстағы республикалық бюджет
туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне сәйкес ақшалай нысанда жүзеге асырылады, қаражаттың нысаналы пайдаланылуы олар сатып алынған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына міндетті түрде құжаттамамен (төлем туралы түбіртектер, чектер, фото) расталады.Жергілікті өкілді органдар қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздеуге құқылы.
Қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алу, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысу, сондай-ақ қосымша сабақтар ұйымдастыру осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге де қолданылады.
Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер және пәндер циклдері) бойынша білім алушылармен және тәрбиеленушілермен қосымша сабақтар ұйымдастыруды мемлекеттік білім беру ұйымдары қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын ақпараттық- коммуникациялық технологиялар және телекоммуникациялық құралдар арқылы жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген материалдық көмек заңнамада белгіленген кепілдік берілген әлеуметтік пакет шеңберінде ұсынылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар санаттарына жатқызылған білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің білім алуы кезеңінде қаржылық және материалдық көмек алу құқығы білім беру ұйымына құжаттар ұсыну арқылы оқу жылына бір рет расталады.»;көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысына қосымша
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына
2-қосымша
Ұйым басшысы Нысан
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(өтініш берушінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(үйінің мекенжайы)
(ұялы тел., Е-mail)
Өтініш
Сізден
(себептер көрсетіледі)
байланысты сыныптың білім алушысы, тәрбиеленушісі
түрінде (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қаржылық/материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын.
Киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алғанда оларды сатып алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаражаттың нысаналы жұмсалғанын растайтын құжаттарды ұсынуға келісемін.
Жалған ақпарат пен анық емес (жалған) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
« »
(күні) (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)