07
октябрь
2021
"Электронды темекінің зияны" жиналыс
М.Жылысбаев атындағы №14 жоббм 2021 жылдың 7 қазан күні Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста ДҚТЖО Ж. Тленчиева "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында баяндама оқыды. Психолог Ж. Амирова "Электронды темекінің зияны" тақырыбында дәріс оқып, түсіндіру жұмысын жүргізді. Жиналыс барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүрмеуі, күндізгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүрмеуі, зиянды заттардан аулақ болуы ескертіліп, айтылып өтті. Жиналыс ЗУУМ платформасы арқылы өтті.