31
август
2023
Педагогикалық кеңес
2023 жылдың 31 тамыз күні Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде, мектеп директоры Г.А.Муратованың басшылығымен 2023-2024 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі өткізілді. Педагогикалық кеңесте қаралған мәселелер:
1. Өткен 2022-2023 оқу жылының талдауы және жаңа оқу жылының мақсат, міндеттері.
2. Мектептің даму бағдарламасын жетілдіру.
3. 2023-2024 оқу жылындағы мектептің жұмыс жоспарын бекіту, іске асыру, жалпыға бірдей білім беру кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту, оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникуль кезеңдерін айқындау.
4.«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларының орындалуы.
5. 2023-2024 оқу жылының жұмыстық оқу жоспары, үйде және ерекше білім қажет ететін балаларды анықтау, жоспарын бекіту. Вариативті компонентінің жүзеге асыру туралы. Мектепалды даярлық тобының жылдық перспективалық жоспары, циклограмма,даму мониторингісі.
6.Жұмыстық оқу жоспары бойынша мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі.
7. Мектептің ішкі тәртібі, мектеп әкімшілігі мен бірлестік жетекшілерінің, қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бекіту. Әдістемелік бірлестік жетекшілерін және сынып жетекшілерді тағайындау, таныстыру, бекіту. Жас мамандарға тәлімгер бекіту.
8.Әкелер, аналар кеңесінің ұлдар және қыздар клубтарының ережелерін бекіту. Инновациялық жобалар жоспарын бекіту «Оқуға құштар мектеп», , «Музей сабақтары», «Дебат қозғалысы», «Мектеп өмірінің бір күні», «100 кітап», «Дәстүр мен ғұрып», «100 ән».
9. 2023-2024 оқу жылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларының шарттарымен таныстыру және портфолио жинақтау.