01
сентябрь
2023
«Бақытты отбасы қауіпсіз ортадан басталады»
«Бақытты отбасы қауіпсіз ортадан басталады»
Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа бағыт, жаңа көзқарас – балашақ бастауы. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайта отырып, ата-аналарды бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау мақсатында мектеп директоры Г.Муратова және мектеп әкімшілігі жауапты сынып жетекшілер Қызыл-сай елді мекенінің 5-11 сынып ата- аналарымен жиналыс өткізді.
Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амирова Меруерт мектептің ішкі тәртібі туралы және мектеп білім алушыларының формалары жайында ата-аналарға мәлімет беріп өтті.Екінші мәселе бойынша "Құқық бұзушылық балалардың өмір қауіпсіздігі"тақырыбында ДҚТІЖО Тленчиева Жазира өз баяндамасымен ата-аналарды таныстырып бала қауіпсіздігін1-орынға қоюды сұрады.Үшінші мәселе бойынша АӘД пәнінің мұғалімі Мамытов Серікжан бала тасымалындағы басты қауіпсіздік ережелерін ата-аналарға таныстырып және түсіндіріп өтті.