«Бақытты отбасы қауіпсіз ортадан басталады» тақырындағы ата-аналар жиналысы » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бақытты отбасы қауіпсіз ортадан басталады» тақырындағы ата-аналар жиналысы
29
октябрь
2021

«Бақытты отбасы қауіпсіз ортадан басталады» тақырындағы ата-аналар жиналысы

М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі

«Бақытты  отбасы қауіпсіз ортадан басталады»  тақырындағы ата-аналар жиналысының

Хаттамасы 1


Тақырыбы: «Бақытты  отбасы қауіпсіз ортадан басталады»

Мақсаты:  Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа бағыт, жаңа көзқарас – балашақ бастауы. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайта отырып, ата-аналарды бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Түрі: жиналыс (онлайн)

Мерзімі: 29. 10.2021ж

Қатысқандар:Қызыл-сай елді мекенінің 5-11 сынып ата- аналары

Күн тәртібінде:

  • Мектеп формасы, мектептің ішкі тәртібі туралы

ДТІЖО М. Амирова 

  • Баяндама «Құқық бұзушылық балалардың өмір қауіпсіздігі туралы»

ДҚТЖО Ж. Тленчиева

  • Баяндама «Оқушыларды тасымалдау ерекшелігі» 

АӘД: С. Мамытов 

  • « Зорлық зомбылықтың алдын алу, отбасы, мектеп, қоғам мәселесі»                   Психолог:  Ж. Амирова                                        


Бірінші мәселе бойынша директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Амирова:   міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың орындалуы туралы мәселені Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 14.01.2016 жылғы №26 бұйрықпен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» ережесіне сәйкес болатынын тілге тиек етті. Мектеп формасы жайлы да қолайлы, әрі жұмыс күні үшін ыңғайлы болуға тиіс  және де оқушылардың мектеп формасына сай киюін талап ететілетіндігі туралы   айтты. Яғни ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек. Қыздар шаштарын таза да жинақы ұстаған жөн екенін айтты.

Ата-ана Шарипов Қ«Мен бірыңғай мектеп формасын қолдаймын. Өйткені оқушылар арасында әлеуметтік  тұрғыда өзін төмен сезіну, бәсекелестік, қысылу т.б. болмайды.   Осы ұстаздармен  ата-аналар бірлесіп байланыс құрғанда ғана форма мәселесі шешілетіндігін айтып өтті.

  Ата-ана С. Шакибаев: қымбат шетелдік әртүрлі киімдер  кейбір ата-аналардың қалтасы көтере бермейтіні, түрлі-түсті адам түсінбейтін, қысқа этикалық талаптарға сай емес киімдер кигенше қарапайым бірыңғай мектеп формасын кигенін қолдаймын - деп өз ойын білдірді.

Екінші мәселе бойынша ДҚТЖО Ж. Тленчиева «Құқық бұзушылық балалардың өмір қауіпсіздігі » тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында ата-аналарға құқық бұзушылық қоғамдық, мем­ле­кет­тік, әлеуметтік, саяси, психо­ло­гиялық сипаты бар күрделі проблема. Бұл дертпен тек психолог немесе дәрігер күресу керек деген қате түсінік. Сондықтан да бұл дертпен күресуде невропатологтар мен психиатрлардың, психологтар мен мұғалімдердің, тіпті ата-аналардың да рөлі зор. Ата-аналарға « зорлық зомбылықтың алдын алу, отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» зорлық зомбылық түрлері, балаларды суициалды мінез-құлыққа итермелеуші фокторлар туралы ақпарат берді.

Бірігіп жұмыс істеген кезде ғана жас ғұмырдың ерте үзілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік туады деп баяндама соңында  «Бәрі өз қолыңда »атты видеороликпен қорытындылады. 

Үшінші мәселе бойынша ӘАД пәнінің мұғалімі: С. Мамытов  «Оқушыларды тасымалдау ережесі»

Шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы Тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" қағиданың 12 тармағына сәйкес әзірленген.

Төртінші мәселе бойынша Психологиялық тұрғыдан Ж.Амирова зорлық зомбылық қандай формаларда кездесетінді жайында және балалардың өзге балаларды кемсітулері қандай кезде көрініс алынадығы жайында айтты. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың мінез құлқын, психологиялық тұрғыдан жалпы сипаты туралы мәлімет берді. Ата-аналар комитетінің төрайымы М. Қасабекова сөз сөйледі. Жалпы ата-аналар тарапынан зорлық-зомбылықты болдырмау шаралары туралы, балаларды үнемі назарға алу туралы ойларымен бөлісті. 

Шешімі: 


- Мектепте 2021-2022  оқу жылында ата-аналар қоғамдық кеңесінің  төрайымы М. Қасабекова ұсынысы назарға алынып, 1-11 сынып білім алушылардың бірыңғай мектеп формасы сақталып, этикалық нормаларға сай талаптар қадағалансын.

- Мектеп оқушылары арасында топтық төбелестің алдын алу, бопсалаудың алдын алу , зорлық- зомбылықтың алдын алу,және булингтің алдын алуға бағытталған ДҚТЖО, ДТЖО мектеп психологтары ата-аналармен «Булинг және Кибербулинг» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив