19
ноябрь
2020
"Зорлық-зомбылықтың алдын-алу . Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі"
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде 9-20 қараша аралығында «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша
Мектебімізде 18 қараша күні ата-аналар қоғамының қатысуымен « зорлық зомбылықтың алдын алу, отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбында zoom платформасы арқылы онлайн семинар ұйымдастырылды. Семинарда ДҚТЖО Тленчиева Ж. зорлық зомбылық түрлері, соның ішінде мектепте кездесетін зорлық зомбылық туралы ақпарат берді. Қалай жазаланатындығы жайында және арнайы есепке алынатындығы жайында ата-аналарды ескертті. Психологиялық тұрғыдан Дүйсембаева А. зорлық зомбылық қандай формаларда кездесетінді жайында және балалардың өзге балаларды кемсітулері қандай кезде көрініс алынадығы жайында айтты. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың мінез құлқын, психологиялық тұрғыдан жалпы сипаты туралы мәлімет берді. Ата-аналар комитетінің төрайымы Бакирова Л. сөз сөйледі. Жалпы ата-аналар тарапынан зорлық-зомбылықты болдырмау шаралары туралы, балаларды үнемі назарға алу туралы ойларымен бөлісті.Мектеп ДҚТЖО: Тленчиева Ж.
Мектеп психологы: Дүйсембаева А