27
май
2017
Ата-аналарға
№14 М. Жылысбаев атындағы орта мектебі.
Ата-аналар қоғамдық кеңесінің 2016-2017 оқу жылында
атқарған іс-шараларының есебі. |
Оқушының тәртіпті де тәрбиелі, білімді болып қалыптасуының алғы шарты мектеппен отбасының өзара байланысы арқылы жүзеге асады. Мектепте оқу жылының басынан бері ата-аналар қоғамдық кеңесі жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының тәрбиесі отбасы мәртебесін нығайта отырып, отбасылық тәрбие жүйесін нығайту мақсатында мектеп директорының 3.09.16 жылғы №129 бұйрығымен ата-аналар қоғамдық кеңесі құрылған. Жоспар бойынша қыркүйек айында жалпы ата-аналар жиналысы өтіп, онда «Ішкі тәртіп ережесі-мектеп өмірінің негізгі заңы» мектептің ішкі тәртіп ережесінің сақталуы, «Терроризм мен діни экстремизмнің қаупіне қарсы тұрудың мәселелері менболашағы», «Балалардың жолда жүру қауіпсіздігі, балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы тиіс», «Мектеп оқушыларының бір мезгіл ата-ана есебінен қамтылуы» тақырыптары қаралды. |
|
Қазан айында әлеуметтік педагог Ш. Айтенованың ұйымдастыруымен бала құқығын қорғау мәселелері бойынша «Балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы тиіс» тақырыбында пікіралмасу өткізілді. Желтоқсан айында ата-аналар қоғамдық кеңесінің 2 отырысы өтті. Онда: «Оқушыларға ыстық тамақтың ұйымдастырылу жайының есебі» және ата-аналар қоғамдық кеңесінің І жарты жылдықта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен бірге наурыз айында «Ата-аналар сенбілікте» атты ата-аналардың қатысуымен тазалық күні өткізілді. Аталған шараның ұйымдастырылуына ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Л. Бакиртова мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы Р. Жүнісов ұйтқы болды. |
Сәуір айында ата-аналар қоғамдық кеңесінің №4 отырысы өткізілді. Кеңес отырысы барысында Оқушылардың құқықбұзушылығының алдын алу жұмысының есебі және есірткі, темекі, алкоголизммен токсикоманияға әуестігінің алдын алу бойынша алынған сауалнамалардың есебі бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Тленчиева баяндама жасады. Сонымен бірге, 12 мамыр күні «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуді талқылауға ата-аналар қауымдастығын тарту» мақсатында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жалпы ата-аналар жиналысына аудандық білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы Мадина Болатқызы, мектеп ата-аналары барлығы 78 адам қатысты. Жиналыстың күн тәртібіне 3 мәселе қойылып, тыңдалды. Жалпы ата-аналар жиналысын мектеп директоры Ж. Мажибаев ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен және мектеп кураторы Мадина Болатқызын таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Ш. Айтенова «Мектеп қамқоршылық кеңесі және демеушілік, қайырымдылық жұмыстары туралы» баяндама, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә. Аманбаева «Жаңа форматтағы ҰБТ-ді өткізу мәселелері туралы » түсінік берсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Садбақасов «Мектеп түлектеріне арналған іс-шараларды ұйымдастыру және қауіпсіздік шаралары туралы» баяндама оқып, арнайы бейнероликтерді ата-аналар назарына тарту етті. Мектеп кураторы М. Болатқызы сөз алып, тыңдалған баяндамаларға жеке-жеке тоқталып өтті. Соңынан мектеп директоры Ж. Мажибаев сөз алып, қаралған мәселелер бойынша жиналыстың шешімін таныстырып өтті. |
Ата-аналар қоғамдық кеңесінің жылдық жұмыстары дер кезінде жоспар бойынша атқарылып отырды. |