Мұғалімдер шығармашылығы
Меркі ауданы №14 М.Жылысбаев атындағы орта мектебінде 28.10. 2017ж.
«Өзін-өзі тану құндылықтарды зерделеудің бір тәсілі» тақырыбында оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізе отырып,мұғалімнің теориялық, тәжірибелік білімдерін жетілдіру және іс- тәжірибесінде тиімді пайдалануға бағыттау мақсатында аудандық семинар өтті. Мектеп директоры Ж.Ж.Мажибаев пен аудандық білім бөлімінің әдіскері Қасымова Мағрипа Жармухаммедқызы семинардың мақсатымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бірінші теориялық бөлімде мектеп психологы Н.Сандықбаева «Танысу» тренингісін жүргізді. Семинарда әлеуметтік педагог Айтенова Шарапат «Өзін-өзі тану құндылықтарды зерделеудің бір тәсілі»атты баяндама оқыды. Екінші практикалық бөлімде Абишева Балжан «Сабырлылық пен ұстамдылық» атты ашық сабақ өткізіп,өз шеберлігін көрсете білді. Мектеп психологы Сандықбаева Назым «Өзін тану» коучинг өткізді. Абишева Балжан «Адамның жанын жылытар мейірім» атты тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті. Семинарға қатысушылар кері байланыс парақтарына сабақтардың барлығы да өз дәрежесінде өткендері туралы өз ойларын жазды.
Әр мұғалім өз пәнін оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару ұстаздың міндеті.
Көптеген тиімді әдіс-тәсілдерге көз жеткізген педагогтар семинар жұмысының маңыздылығына тоқталып, рефлексия бөлімінде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, педагогтардың жұмысына оң баға берді.