Ата-аналарға » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2017

Ата-аналарға

 

 


 

                          

 


«Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуді талылауға ата-аналар қауымдастығын тарту»
мақсатында өткізілген мектепішілік жалпы  ата-аналар жиналысының хаттамасы.

«12» мамыр 2017ж
Қатысқаны: 78 ата-ана; 18 сынып жетекші.
                                                
№14 М Жылысбаев атындағы 
 орта мектебі


Күн тәртібінде: 
 1.  «Мектеп қамқоршылық кеңесі және демеушілік, қайырымдылық жұмыстары туралы» баяндама
                                       Әлеуметтік педагог: Ш. Айтенова  
2.  «Жаңа форматтағы ҰБТ-ді өткізу мәселелері туралы » баяндама 
                         ДОТЖО: Ә. Аманбаева
3.  «Мектеп түлектеріне арналған іс-шараларды ұйымдастыру және қауіпсіздік шаралары туралы» баяндама 
                      ДТЖО:М. Садбақасов


Тыңдалды:

 

 Бірінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Ш. Айтенова сөз алды.  

 - Қамқоршылық кеңес қызметінің Қазақстан  Республикасының білім және ғылым министірінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына сәйкес қыркүйек айында мектепте қамқорлық кеңесі құрылды. Қамқорлық кеңесі бес (5) адамнан құрылып, мектеп директорының №124 бұйрығымен бекітілді.

Төрағасы: Мамытов Н. Жаңа тоған ауылдық округінің маманы

Орынбасары: Абишева Б. мектеп мұғалімі

Мүшесі: Бакиртова Л. ата-аналар комитетінің төрайымы

Мүшесі: Сарсекулова А. мектеп мұғалімі

Хатшы: Айтенова Ш. әлеуметтік педагог

Оқу жылының басында  әлеуметтік  жағдайы төмен көп балалы отбасынан шыққан  оқушыларды анықтау мақсатында  жаңатоған  ауылдық  оқругі  мамандарымен бірлесе отырып мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан материалдық тұрмыс жағдайлары  зерттеліп  акт толтырылды. Қыркүйек айында оқушыларды педагогикалық кеңестің шешімімен тамақтандыру бойынша бұйрық шығарылып, жылдық жоспар жасалынып, бекітілді. Әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасынан 9 оқушы анықталып,санатына қарай құжаттары жинақталып  стандарт бойынша «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан» бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бірінші тамыз бен отызыншы қыркүйек (1.08.16ж.-30.09.16ж.) аралығында мектебімізде жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін республикалық мектепке жол акциясы «Бақытты балалық шақ!» атты ұранымен өтті. Осыған орай біздің №14 М. Жылысбаев атындағы орта мектеп ұжымы, ауылдың қайырымды азаматтары, жүрегі ізгі, көңілі мейірімді жандар да осы шараға бір кісідей ат салысты. Акция жоспары жасалынып жоспар бойынша түрлі іс шаралар атқарылды. Көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалынып, олардың отбасылық жағдайлары анықталды. Сынып жетекшілері мен мектебіміздің әлеуметтік  педагогы тізім бойынша аз қамтамасыз етілген  оқушылардың үйлерін аралап, балалардың мектепке даярлығы туралы ата-анасымен жекелей әңгіме жүргізді. Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында ЖШҚ (жеке шаруа қожалық)  басшыларына және жеке кәсіпкерлерге үндеу  хаттар жіберіліп, ұсыныс жасалынды.  «Бақытты балалық шақ!» атты ұранымен мектеп мұғалімдері де акцияға белсене ат салысты. Қайырымдылық  іс- шараға байланысты ЖШҚ басшылары мен кәсіпкерлерге жіберілген үндеу хаттар бойынша төмендегі азаматтар қол көмегін созды. Атап айтсақ: Мектеп ұжымы және Мамытов А, Өміралиев А, Қарабаев А, Казимов Ә, Ешетов С, Алжанбаев Т, Казимов И., сынды азаматтарымыз демеушілік көрсетіп, әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен 16 отбасындағы 17 балаға мектеп формалары, қажетті оқу құралдарын алып берді.  «Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына  көмек көрсету мақсатында   5- 11сыныптар арасында  «Күз береке  бастауы» тақырыбымен  жәрмеңке өткізіліп түскен  қаражатқа сынып жетекшілердің берген сұраныстары бойынша аз қамтамасыз етілген  отбасы балаларына мектепке қажетті оқу құралдары алынып берілді. 1қыркүйек «Білім күні» мерекесінде «1сыныпқа бірінші рет» атты ұранымен 1сынып оқушыларына сыйлықтар табыс етілді. 2016 жылы қараша айында аз қамтамасыз етілген 3 отбасынан шыққан 9 оқушының ата-аналарының есепшотына «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан әр балаға он бес мың теңгеден қаржы бөлінді. Мектеп бойынша осы 9 оқушыға мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, қыстық сырт киіммен және қыстық аяқ киімдермен қамтамасыз етілді.   

Жалпы бөлінген қаражаттың соммасы 135000     (жүз отыз бес мың)тенге

Жаңа жыл қарсаңында аз қамтамасыз етілген жанұядан шыққан 4-оқушы аудан әкімінің шыршасына қатысып бағалы сыйлықтар алып қайтты.

 Олар: 1. Бейсенбек Балнұр -7 «ә» сынып оқушысы

            2. Аманкелді Гүлнұр- 6 «а» сынып оқушысы

            3. Қайыпбай Жанел-5 «а» сынып оқушысы

            4. Абасов Рамиль-4 «ә»сынып оқушысы

Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығы 10 қаңтар -10 ақпан аралығында өтті. «Қамқорлық» акциясының жоспары жасалынып, ауылдық кәсіпкерлерімен  ЖШҚ басшыларына  және ауылдық дүкен иелеріне үндеу хаттар жіберілді. Акция барысында 5-11 сыныптар арасында  «Жүрек жылуы» тақырыбында жәрмеңке өткізілді. Демеушілік көрсеткен меценаттарға деректер банкісі құрылып, Мамытов А. Казимов И., Алжанбаев Т. және мектеп ұжымы аз қамтамасыз етілген жанұядан шыққан  12 балаға қажетті оқу құралдары мен  соның ішінен 3 балаға аяқ киім             2қыстық етік және 1спорт аяқ киімі (красовка) алынып берілді. Мектеп бойынша барлығы  12 оқушыға материалдық көмек көрсетілді -деп айтып өтті. 

Екінші мәселе бойынша директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   Ә. Аманбаева сөз алды.

- 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімді дамыту бағдарламасын іске асыру және Елбасының айқындап берген 100 нақты қадамының 76 мен 89 қадамын орындау мақсатында биылғы жылы еліміз бойынша 30 пилоттық мектепте бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ресми сынаудан өткізу үстінде. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша біздің №14 орта  мектебінің 6 бастауыш сынып мұғалімі және 5 пән мұғалімдері  курстан өтті.1 сынып оқушылары жобаға сәйкес 5 күндік оқу кестесі бойынша білім алуда. «Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016 жылы - 1сынып,  2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10 сыныптар, 2019 жылы - 4,9,11,12 сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады» 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы №660 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау,аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелеріне» сәйкес мектепте №64 бұйрық шығарылып, 5-8,10 сыныптарға сыныптан – сыныпқа көшіру емтихандарының кестесі, 9 сыныптар үшін негізгі мектепті бітіру емтихандарының кестесі,11 сыныптар үшін орта мектепті бітіру емтихандарының кестелері жасалынып,қосымша сабақ кестелері ілініп, барлық сыныптарда ата- аналар жиналыстары өткізіліп,оқы жылының аяқталуына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттамалары жазылған. Жаңа форматтағы ҰБТ –ді өткізу екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде 11 сыныптың білім алушылары мектепте қорытынды аттестаттаудан өтеді. 11 сынып бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша. 11 сыныпты бітіретін оқушылар саны-24. ҰБТ-ге баратын оқушылар саны-14.

Маусымның 20 мен 1 шілде аралығында мектеп бітірушілер «Ұлттық  тестілеу орталығы» әзірлеген тест тапсырмаларын тапсыруға қатысады. ҰБТ – да мектеп бітірушілер 3 негізгі 2 таңдау пән бойынша тест тапсырады. Ол пәндер: оқу сауаттылығы - 20 сұрақ, математикалық сауаттылық- 20 сұрақ, қазақстан тарихынан ауызша билеттер -30 сұрақ,таңдау пәндері – 30 сұрақтан,оның 20 бір жауапты,10 екі немесе бірнеше жауапты болып келеді. Тестілеуге әр пән бойынша 80 минут беріледі.Тестілеу қорытындысы бойынша әр оқушының өтпелі балы 50 балл болуы керек. Білім алушыларды қорытынды аттестатау нәтижелері ағымдағы жылы тамыз айында оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша педагогикалық кеңесте талқыланып, оқу - тәрбие жұмысының сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды-деп айтып өтті.

 -Үшінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   М. Садбақасов сөз алды.

 -Құрметті ата-аналар! Мектеп түлектерінің 11 жыл білім алып мектеп қабырғасымен қоштасар сәті де санаулы күндерден соң келері анық. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы    24 наурыздағы №128 бұйрығының негізінде оқу сабақтарының аяқталуы   2017 жылғы 25 мамыр. Өздеріңізге белгілі оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты жиын мектеп түлектеріне арналады. Биылғы оқу жылында 11 сыныпты 24 оқушы аяқтағалы отыр. Мектеп түлектеріне арналған салтанатты жиын 25 мамыр күні сағат 900-де басталады. Іс-шараға аудан әкімдігінен және аудан әкімдігінің білім бөлімінен келетін қонақтардан басқа, жергілікті жердегі ардагер ұстаздар мен жергілікті басқару органдарының қызметкерлері шақырылады. Мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау емтихандары 9 маусым күні аяқталады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі  №11-4/188 хаты және Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 3мамыр 2017 жылғы №704 хатының негізінде мектеп бітіру кештері 12 маусым күні сағат 1800-ден,   2400-ге дейін өткізіледі. Осыған байланысты оқу жылын аяқтау жөнінідегі іс-шараларды өткізу барысында балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналар, педагогтар мен құқық қорғау органдары өкілдерінен және өртке қарсы қызмет көрсету өкілдері арасынан тұрақты кезекшілік құрылады.  25 мамыр күнгі салтанатты жиын өткізілгеннен кейін және 12 маусым мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға дейінгі уақыт аралықтарында тау бөктеріне саяхатқа шығуға, автокөліктермен шеру жасауға қатаң тыйым салынатындығын әрбір ата-ана назарда ұстауларыңыз тиіс. Аталған ескертпелер құқық қорғау органдары мен жергілікті полиция қызметкерлерінің тікелей бақылауында екендігін назарларыңызға жеткіземіз. Бұл балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы назарда ұстайтын мәселелер.  Егер кәмелетке толмағандар, оқушылар жоғарыда тыйым салынған шараларға мойынсұнбаған жағдайда Қазақстан республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 127 бабының 1 бөлігіне сай ата-анасына немесе заңды өкіліне 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, кәмелетке жасы толмағандар аудандық ішкі істер бөліміне тәртіптік бақылауға алынады. Ал, егер кәмелетке толмағандар автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарса 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондықтан құрметті ата-аналар бала тәрбиесін өте мұқият ұстап, балардың қауіпсізідігін қамтамасыз етуді бірлесе жүзеге асырайық. Биылғы жылы мектеп жанындағы «Жаз-2017» тынығу және сауықтыру лагеріне мектеп оқушыларының 87,2 %-ы қамтылады. Мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі, тау бөктеріне, суға шомылу және жолда жүру қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауларыңыз қажет. Тағы ескерте кетерлік жағдай кәмелетке томағандардың түнгі уақытта ата-анасынсыз немесе заңды өкілінсіз сағат 2200-ден кейін жүруі қаңғыбастыққа салынғандық болып есептелетіндігі. Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде жалданбалы жұмыс істеуіне де, заң тұрғысынан рұқсат берілмейтіндігін әрбір ата-ана естен шығармағандығы абзал -деп айтып өтті. 
 
Шешімі:
1.  Мектеп пен мектептегі қамқоршылық кеңесінің бірлескен жұмыстарын одан әрі жандандыру әлеуметтік педагог Ш. Айтеноваға жүктелсін. Мектептің қамқоршылық кеңесінің атқарған жылдық жұмысы қанағаттанарлық деп бағалансын.
2.  Әрбір ата-ана жаңа форматтағы ҰБТ-ді өткізу мәселелерін назарда ұстап,   2020 жылға қарай12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталадығы ескерілсін. 
3.  Мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі, тау бөктеріне, суға шомылу және жолда жүру қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстап, ата-анасынсыз немесе заңды өкілінсіз сағат 2200-ден кейін жүруі қаңғыбастыққа салынғандық болып есептелетіндігі, кәмелетке  толмағандардың түнгі мезгілде жалданбалы жұмыс істеуіне де, заң  тұрғысынан рұқсат берілмейтіндігі назарда ұсталсын.                                                                           


 

 

 №14 М. Жылысбаев атындағы орта мектебі.
«Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуді талқылауға ата-аналар қауымдастығын тарту» 
мақсатында өткізілген мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының өткізілуі туралы.
2016-2017 оқу жылы
12 мамыр күні «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуді талқылауға ата-аналар қауымдастығын тарту» мақсатында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жалпы ата-аналар жиналысына аудандық білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы Мадина Болатқызы, мектеп ата-аналары барлығы 78 адам қатысты. Жиналыстың күн тәртібіне 3 мәселе қойылып, тыңдалды. Жалпы ата-аналар жиналысын мектеп директоры Ж. Мажибаев ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен және мектеп кураторы Мадина Болатқызын таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Ш. Айтенова «Мектеп қамқоршылық кеңесі және демеушілік, қайырымдылық жұмыстары туралы» баяндама, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә. Аманбаева «Жаңа форматтағы ҰБТ-ді өткізу мәселелері туралы » түсінік берсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  М. Садбақасов «Мектеп түлектеріне арналған іс-шараларды ұйымдастыру және қауіпсіздік шаралары туралы» баяндама оқып, арнайы бейнероликтерді ата-аналар назарына тарту етті. Мектеп кураторы   М. Болатқызы сөз алып, тыңдалған баяндамаларға жеке-жеке тоқталып өтті. Соңынан мектеп директоры Ж. Мажибаев сөз алып, қаралған мәселелер бойынша жиналыстың шешімін таныстырып өтті.
 
   


 

 

 

 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив