04
ноябрь
2020
«Қоғамдағы, отбасындағы, мектептегі зорлық-зомбылық және баланың құқықтары»
М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде 20 қазан мен 20 қараша аралығында өтетін Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты айлығының жоспары бойынша
2 қараша күні 8-11 сынып оқушыларымен WhatsApp қосымшасы арқылы «Қоғамдағы, отбасындағы, мектептегі зорлық-зомбылық және баланың құқықтары» тақырыбында онлайн семинар өтті. Семинар барысында зорлық –зомбылықтың түрлерін атап көрсеттік. Олардың ішінде мектепте кездесетін зорлықтардың түрлерін анықтадық. Зорлық-зомбылықты алдын-алу жолдарын қарастырдық. Оқушылардың балаларды жеке бас құқықтары туралы түсінік бердік, оқушылар жағынан кері байланыс алынды. «Бақытты бала» ұғымын қалыптастырдық. Оқушылар ойларын ашық жеткізді.