13
ноябрь
2020
"Біз салауатты келешек үшін!"
М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде 20 қазан мен 20 қараша аралығында өтетін Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты айлығының жоспары бойынша
13 қараша күні психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация кабинетінде «Біз салауатты келешек үшін!» тақырыбында кеңес беру ұйымдастырылды. Кеңес беру онлайн түрде өткізуге ата-аналар қарсы болып, жеке өздері келуге ұсынды. «Салауатты өмір салты!» тақырыбында слайд презентациялар көрсетіліп, медицина саласындағы мамандардан кеңес берілді.