09
ноябрь
2020
«Балалық шақты бірге қорғайық»
М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде 20 қазан мен 20 қараша аралығында өтетін Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты айлығының жоспары бойынша
6 қараша күні әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалармен «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында WhatsAрр қосымшасы арқылы онлайн – диалог жүргіздік. Диалог барысында балалық шақтың қызықты естеліктері жайында әңгіме қозғадық. Қуанышқа бөлейтін шақ туралы және де отбасымен өткізілген мерекелік қуанышты жағдайларды еске түсірдік. Әр жыл мезгіліне сәйкес қандай ойын-сауықтар қуанышқа бөлетіні жайында әңгімелестік. Әр оқушыға «мен бақыттымын» тақырыбына қысқаша эссе жазу тапсырылды.
Мектеп психологы: Дүйсембаева А.