«Психологиялық кеңес беру» айлығы
«Психологиялық кеңес беру» айлығы барысында 8-11 сынып оқушылары арасында өткен «Отбасы жылулық ұясы» атты ата-аналар жиналысының
Хаттамасы
Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Ата-ананың отбасындағы рөлі.Ата-ананың балаға берер ең-бірінші тәрбиесі құқық бұзушылық пен қылмысқа бой алдырмау,өзгенің затына қол салмау т.б
Тақырыбы: «Отбасындағы тәрбие-саналы ұрпақ кепілі»
Мерзімі: 09.02.2022ж
8-11 сынып оқушылары
Күн тәртібінде:
1. «Отбасы жылулық ұясы» баяндама
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу. Баяндама
3. Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
- «Отбасындағы тәрбие-саналы ұрпақ кепілі» баяндама
Мектеп психологы: Ж.Амирова сөз алып бірінші мәселемен таныстырып өтті. Ардақты ата - аналар!Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. «Отан отбасынан басталады» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз – адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі – имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп ойлаймын.
2.Екінші мәселе Бала біздің болашағымыз? баяндама
ДҚІЖО Ж.Тленчиева екінші мәселемен таныстырып өтті. Ардақты ата - аналар! Ағаш бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп ойлаймын.
Үшінші мәселе бойынша әр түрлі мәселелер қозғалды. Оқушылардың сабақ үлгерімдері, мектептегі санитарлық талаптар, оқушылардың күнделікті маскамен келу керектігі қатаң ескертілді.
Шешімі:
- Ата аналар тарапынан балаларыңың сабаққа қатысуы,үлгерімі,тәртібі, тәрбиесі күнделікті қадағалансын.
- Оқушыларды әлеуметтік желілерде беймезгіл отырмауын ата аналар тарапына жүктелсін.
- Оқушылардың санитарлық талапқа сай мектепке келуі ата аналар тарапынан қадағалансын.